Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі төтенше жағдай кезінде әуе айлағы қалай жұмыс істеп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі төтенше жағдай кезінде әуе айлағы қалай жұмыс істеп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Қазастанда төтенше жағдай енгізілгеннен бері жұмысын тоқтатқан жоқ. Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз", - делінген хабарламада.
Бұл ретте террористік қауіптің "қызыл" деңгейіне сәйкес, әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимге көшкен, оның ішінде авиациялық қауіпсіздік те.
"Күшейтілген режимде ақпараттық қызмет жұмыс істейді. Себебі ұшу-қону бойынша бүкіл ел аумағынан қоңыраулар үздіксіз түсіп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Әуежай аумағындағы тәртіпті құқық қорғау органдары күзетіп тұрғаны хабарланды.
"Әр кіреберісте алғашқы тексеру желісі орнатылған", - делінген елордалық әуежай хабарламасында.
Нұр-Сұлтан әуежайы қызметі ұшып келу, ұшып кету, билеттерді алу және рейстің кешігуі немесе кейінге қалуы туралы сұрақтар бойынша тікелей әуекомпанияға жүгінуді сұрайды.
"Жаппай жиналу жағдайы байқалмайды. Рейс кейінге шегерілгені немесе кешігетіні туралы мәлімет алған адамдар арасында жанжал туғызу, жағдайлары байқалмайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!