Есіл ауданының №2 соты елорда әуежайындағы миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген қызметкерлерге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Есіл ауданының №2 соты елорда әуежайындағы миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген қызметкерлерге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соттың үкімі бойынша "Астана халықаралық әуежайы" АҚ-ның бұрынғы бас есепшісі мен экс-қызметкерлер 1,6 миллиард теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Астана" халықаралық әуежайы" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Радилбек Адимолдаға немқұрайдылық танытты деген айып тағылған. Алайда сот істе қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, сот Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы бас есепшісі Әлия Бабашованы 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Тағы 6 сотталушы бас бостандығынан айырылды. Біреуі 8 жылға, қалғандары 7 жылға сотталды. Оларға 10 жыл ақшалай және тауарлар мен материалдардың есебін жүргізетін қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Шығынды өндіру мақсатында сотталғандардың мүлкі: пәтерлер, үйлер, жер учаскелері, 312 миллион теңге көлеміндегі 5 көлік тәркіленді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, осыған дейін бас есепші Әлия Бабашеваға аса ірі көлемде ақша ұрлады деп айып тағылған. Ол Нұр-Сұлтан әуежайындағы миллиардтаған қаржыны жымқыру ісінде басты күдікті болып саналған. Тіпті істі тергеу барысында Бабашева өзіне қол салмақ болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!