Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгерді

Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев TSE халықаралық әуежайының қолданыстағы үш әріптік кодын NQZ-ке өзгерту туралы ресми шешім қабылданды.

"Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап және авиабилеттерді броньдаудың барлық жүйелерінде, оның ішінде билеттерде, багаж биркаларында, ақпараттық таблода NQZ жаңа коды пайдаланылатын болады", - деді Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.  

Астаналық әуежайдың кодын өзгерту туралы келіссөздер 2017 жылдан бастап жүрген. Ол кезде әуежай Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ауысқан. 

2017 жылы Талғат Ластаев қазақстандықтардың әуежай кодын ауыстыру туралы ұсыныстарын көргенін айтқан. 

"Түрлі нұсқа айтылып жатыр, мәселен, NIA (Nazarbayev International Airport), NNA (Nursultan Nazarbayev Airport) немесе NAN. Кейбірі бос емес, кейбірі жоқ. Мәселен, NAN коды Фиджидегі әуежайға тиесілі, ал NNA - Марокко әуежайы. Қазір біз лайық кодтарды зерттеп, IATA-мен келіссөздер жүргіземіз. Бірақ бұл мәселе бір күнде шешілмейді. Себебі жаңа кодты беру процесі өте қиын. Біріншіден, ІАТА ресми позициясы бойынша код бір рет беріледі және одан әрі өзгермейді, екіншіден, кодты ауыстырсақ барлық брондау жүйелері мен әлем анықтамалықтарына өзгеріс жасауға тура келеді", - деді Азаматтық авиация комитетінің басшысы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети