Нұр-Сұлтан ауруханалары коронавирус жұқтырған қанша науқасты қабылдай алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан ауруханалары коронавирус жұқтырған қанша науқасты қабылдай алады?

Нұр-Сұлтанда медициналық ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге және коронавирустың жаңа толқынына дайындығы тексерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда медициналық ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге және коронавирустың жаңа толқынына дайындығы тексерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма мамандары елорданың 13 медициналық ұйымын тексерген. Амбулаториялық деңгейде олар ғимараттардың, кеңселер сүзгісінің, уақытша бөлімдердің, COVID-19 биоматериалдарын жинауға арналған кабинеттердің санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ, тұмауға қарсы вакцинацияны тексерді.

Басқарма вирус жұқтыру деңгейі артқан жағдайда төсек-орын санын 24 нысанда 5600-ге дейін көбейту жоспарланып отырғанын хабарлады. Қажет болған жағдайда, Нұр-Сұлтан ауруханаларындағы төсек-орын саны 10 мыңға жетуі мүмкін. Алайда астаналық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындағанға дейін науқастарға көмек көрсету мақсатында амбулаториялық-емханалық және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке баса назар аударады.

"Қазір біз қызметкерлер мүмкіндігіне көңіл бөлеміз. Біз коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша қызметкерлерге арналған тренингтер өткіземіз. Жинақталған тәжірибе амбулаториялық деңгейде уақтылы көмек көрсетуге дайын болу қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Бұл - диагностикаға арналған ПТР тестінің, әрбір емханада рентген аппараттарының, пульстік оксиметрлердің, дәрі-дәрмек қорының болуы", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Басқарма жоспарларына сәйкес, төсек-орынның кем дегенде 35 пайызы оттегі нүктелерімен және концентраторармен, кем дегенде 15 пайызы жасанды тыныс алдыру аппараттарымен жабдықталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети