ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2020 | 10:22
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс. Тағы бір адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды
Нұр-Сұлтан дәмханасында жарылыс кезінде зардап шеккен бір адам көз жұмды. Тағы екеуінің жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан дәмханасында жарылыс кезінде зардап шеккен бір адам көз жұмды. Тағы екеуінің жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.
"Бастапқыда ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен науқас жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Науқаста ми және жұлын зақымы болды. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқасты №2 көпсалалы қалалық аурухана мен Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары қарап шықты.
Алайда барлық жүргізілген емдеу шарасына қарамастан, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады", - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.
Оның айтуынша, жансақтау бөлімінде тағы екі адам жатыр. Қалған науқастар аурухананың бейінді бөлімшелерінде ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.
Министрлік Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жариялады
Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы танымал дәмханада газ баллоны жарылған болатын. Салдарынан асүй бөлмесіндегі шатыр опырылған. Жарылыстан ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмған еді. 35 адам жарақат алып, 23 адам ауруханаға жатқызылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также