22 қараша 2020 10:19

Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: 23 адам ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыстан кейін 23 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыстан кейін 23 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарманың баспасөз қызметіндегілер жалпы 35 адам зардап шеккенін хабарлады. Олардың барлығы дереу қалалық ауруханаларға жеткізілді.

"Медицина мамандары оларды қарағанна кейін 23 адам ауруханаға жатқызылды, 11 адам жеңіл жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген хабарламада.

Науқастар әртүрлі дәрежедегі термиялық күйікпен, орташа ауырлықтағы улану белгілерімен №1 және №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Басқа жараланғандар мен миы шайқалған пациенттер ауруханалардың бейінді бөлімшелерінде.

Еске салайық, кеше, 21 қараша түсте Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға болған жерде көз жұмды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети