22 қараша 2020 12:22

Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінен Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінен

Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қаланың ПД баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қаланың ПД баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аталған факт бойынша ҚР ҚК 292-бабы 2-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сәйкес соталды тергеу басталды. Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу амалдары полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, оқиғаға кінәлі адамға екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыра отырып сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төнуі мүмкін.

Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы танымал дәмханада газ баллоны жарылды. Салдарынан ас үй бөлмесіндегі шатыр опырылып түсті. Жарылыс кезінде ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмды. 35 адам жарақат алып, 23 адам ауруханаға жатқызылды. Қала әкімі Алтай Көлгінов марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети