Нұр-Сұлтан және төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан және төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
27-28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. 27 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. 28 казанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Көкшетау қаласы 27 казанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 25 метр жетеді. Семей қаласы күндіз 28 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр жетеді.
28 қазанда Қостанай облысының оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерінде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Қостанай қаласы 28 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.
27-28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Петропавл қаласы 27-28 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
28 қазанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі. Орал қаласында 28 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр күтіледі.