30 қараша 2019 13:16

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызмет жұмысшыларының жалақысы өседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елордада коммуналдық қызметтер паркі жаңа арнайы техникамен толықты. Жолдар мен тротуарларды қардан тазалау үшін 67 арнайы техника сатып алынды: олар автогрейдерлер, қар тиегіштер, тракторлар және тағы да басқасы. Келесі кезекте алдағы жылдың басында (90 арнайы техника) алу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Парк техникасын жаңарту қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға және санитарлық тазалаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Арнайы техника қаражатты оңтайландыру мен "ҚДБ Лизинг" АҚ-мен бірлесе сатып алу есебінен алынды. Техниканың басым бөлігі - отандық өнім. Коммуналдық қызметкерлер жаңа техниканы сатып алудың маңыздылығын атап өтті, себебі болған техниканың тозуы 30- 50 пайыз болған. Жұмысшылар ескі техниканың бірнеше рет бұзылып, жұмыс кезінде де істен шыққанын айтты.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша "Астана Тазалық" қызметкерлері қаланы тазартудағы ерен еңбектері үшін сыйақы алды, жыл соңында тағы да сыйақы алатын болады. Ал 2020 жылдың басынан бастап жұмысшылардың жалақысы өседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети