Еліміздің бірнеше қаласының мектептерінде боран салдарынан сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еліміздің бірнеше қаласының мектептерінде боран салдарынан сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасы хабарлайды: 2020 жылдың 17 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, Қарағанды мен Саран қалаларында бірінші ауысымның 0-4 сыныптарында сабақтар тоқтатылды.
"Басқа сынып оқушылары ата-анасының шешімі бойынша (мектептің алыстығын ескере отырып) мектепке барады", - деп хабарлады қалалық білім бөлімі.
Теміртауда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.