Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне БАӘ экс-президентінің есімі беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне БАӘ экс-президентінің есімі беріледі Фото:Wikimedia Commons

Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне таяуда қайтыс болған, БАӘ бұрынғы президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның есімі беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Тоқаев БАӘ Президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған Президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне келді. Көшбасшылардың кездесуі Президенттің Абу Дабидегі Қасру-л Мушриф сарайында өтті.

13 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа бен Зайд Әл Нахаян ұзаққа созылған аурудан қайтыс болғаны хабарланған. Ол 72 жаста еді.

Одақтың Жоғарғы кеңесінің шешімімен Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян жаңа президент болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети