Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақта. Бас санитар дәрігер астаналықтарға үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтанның "қызыл" аймаққа кіруіне байланысты астаналықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтанның "қызыл" аймаққа кіруіне байланысты астаналықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мереке күндері 4 күн демаласыздар. Жақындарыңыз бен туыстарыңыздың жанында болуға мүмкіндік болады. Мен әрқайсыларыңыз үшін алаңдаймын. Сіздерді жақындарыңыздың денсаулығын ойлауға шақырамын", - дейді елорданың бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай тұрақты емес екенін атап өтті.

"Сіздер қала 14 күн бойы "сары" аймақта болғанын білесіздер.
Осыған қарамастан бизнесті қолдау мақсатында қаулы қабылданды. Осы демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар жұмыс істейді. Алайда 10 желтоқсаннан бастап қала "қызыл" аймаққа кірді. Енді талапты қатайту мәселесін талқыға салу керек", - дейді Пірәлиева.

Елорданың бас санитар дәрігері тұрғындарға адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, жабық нысандарда маскамен жүруге, арақашықтық сақтауға, үйде болуға кеңес берді.

"Мұны түсінгендеріңізді қалаймын. Менің ойымша, бұл шаралар сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі", - деп түйіндеді сөзін Жанна Пірәлиева.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 16 880 адам коронавирус жұқтырды. 15 675 науқас дертінен айықты, 340 адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 139 995-ге жетті. 124 056 науқас жазылды, 2088 науқас аурудан көз жұмды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro