30 маусымда Нұр-Сұлтан мен бес облыста қатты жел мен найзағайға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
30 маусымда Нұр-Сұлтан мен бес облыста қатты жел мен найзағайға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда түнде күн күркіреп, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл соғады, оңтүстік-шығыс, оңтүстік желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда күндіз күн күркіреп, оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен жел соғып, екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, шығыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанайда таңертең және күндіз күн күркірейді. Шығыс желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ, солтүстік және солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге дейін жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде найзағай, дауыл соғады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. 30 маусымда кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыстан және шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда күндіз күн күркіреп, оңтүстік-шығыстан және шығыстан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Бұған дейін 30 маусым - 2 шілде аралығында Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болатыны хабарланған. Орталық өңірлерде күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!