Елдің тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 11 сәуірде Нұр-Сұлтанда күндіз қатты жел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елдің тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 11 сәуірде Нұр-Сұлтанда күндіз қатты жел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады.
Қарағанды облысының батысында найзағай болады. Облыс батысында, шығыс, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 23-28 метр жел соғады. Жезқазғанда найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Шығыс желінің екпіні түнде облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде секундына 15-20 метр болады. Қостанайда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.
Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, дауыл болады. Шымкентте күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел орталықта және облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Қызылордада күндіз найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 метр, екпіні секундына 23 метр болады. Көкшетауда күндіз оңтүстік-шығыстан секундына 15 метр жел соғады.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде шығыстан секундына 18 метр жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында секундына 15-20 метр жел тұрады, екпіні секундына 23 метр болады. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!