27 қыркүйек 2020 | 13:18

Нұр-Сұлтан мен Алматы жолдарында қызыл белгі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан мен Алматы жолдарында қызыл белгі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана ПД баспасөз қызметі мен Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан мен Алматы жолдарында қызыл белгі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана ПД баспасөз қызметі мен Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті пилоттық жоба аясында Мәңгілік Ел даңғылындағы М1 жолайрығында қызыл түсті белгі қолданды. Таңбаның қызыл болғаны көлік қозғалысын нақты үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл түс осы учаскедегі жүргізушілердің назарын шоғырландыруға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға көмектеседі.

Полиция хабарлауынша, бұл көшеде тек 2019 жылы 50-ден аса ұсақ жол-көлік оқиғасы болған. Қызыл түсті таңбалар енгізілгеннен кейін көлік апаттары тіркелген жоқ.

Алматыда да қауіпті жол учаскелерінде қызыл белгілер пайда болады.

Тізімдегі көлік апаты көп болатын қауіпті көшелерге қызыл таңба салу жоспарланған:

  • Құлжа тракті бойынша Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін (бөлу жолағы);
  • Әл-Фараби даңғылы - Луганский көшесі, бұрылу жолағы, көлік ағындарының тоғысу аймағында;
  • Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылы мен Батыс Желтоқсан көшесінің арасында (солтүстік жағы);
  • Сейфуллин даңғылында Райымбек даңғылынан Тобояков көшесіне дейін;
  • Майлин-Бұқтырма;
  • Әл-Фараби даңғылы - Мұстафин көшесі, көлік жолайрығындағы съездер;
  • Әл-Фараби даңғылында Шашкин және Марков көшелерінің қиылысында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети