ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2020 | 00:00
Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді.
Сонымен қатар, үкімет бұл қалаларға кімдердің кіріп-шыға алатынын түсіндірген болатын.
Сондай-ақ, бас прокуратура карантин кезінде тәртіп бұзғандар 26 510 теңгеге (10 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін немесе 15 тәулікке қамауға алынатынын ескерткен. Ал билік өкілінің талабын орындамағандар 5 милллион 302 мың теңге (2 000 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) айыппұл төлеуі немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда азық-түлік қоры жеткілікті екенін, карантинге қарамастан дәрігерлер, полицейлер, коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмыс істей беретінін айтты. Ал Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев карантинде мекемелерді қашықтан жұмыс істеуге шақырып, балабақшалар жабылатынын ескертті.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. 18 науқас Алматыда, қалған 18-сі Нұр-Сұлтанда.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланған.
Показать комментарии
Читайте также