18 наурыз 2020 17:42

Нұр-Сұлтанда қай жерде блокпост қойылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов карантин кезінде қай жерлерде блокпосттар қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов карантин кезінде қай жерлерде блокпосттар қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Департамент коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және жолын болдырмау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының периметрі бойынша Жібек Жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Қоянды кенттері ауданында Денсаулық сақтау органдарымен, қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп көлік құралдарының барлық түрінің кіруін және шығуын шектеу үшін блокпосттар қойылады. Барлық бағыт бойынша қозғалыс шектеледі, бұл Нұр-Сұлтандағы Алматы, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қорғалжын және Қабанбай батыр атындағы кент бағытындағы автожолдары", - деді Ержан Сәденов. 

Еске салайық, кеше Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыға 19 наурыздан бастап кімдер кіріп-шыға алатыны айтылды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети