Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100 шақты адам митингіде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100 шақты адам митингіде ұсталды Алматыда митинг. © Tengrinews.kz

9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингтер өтті. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОСК брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингтер өтті. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОСК брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Нұр-сұлтан мен Алматыда Қазақстанның соты тыйым салған ДВК экстремистік ұйымының үндеуі бойынша жүздеген адам жиналды. Ұйымның қашқын басшыларының елімізде биліктің беделін түсіру, кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау бойынша жаппай насихат жүргізіп, сайлау кезінде қоғамға қарсы іс-қимыл жасауға шақырғаны белгілі болды", - деді ол.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Нұр-сұлтан және Алматы митингтерінде қанша адам ұсталғаны туралы сұраққа, Қожаев "Әңгіме жүз адам шамасында болып отыр" деп мәлімдеді.

"Әрине, осыншама шетелден үгіттеу шараларының нәтижесінде, халықтың бір бөлігі үн қатқан. Біз қазіргі уақытта қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзуға жол бермеу шаралары қолға алып жатырмыз", - деді Қожаев.

"Олардың деструктив үндеулеріне қарамастан, сайлау жоспарлы түрде өтіп жатыр, халық өз таңдауын білдіру үшін учаскелерге барады", - деді министрдің бірінші орынбасары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети