Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингіге қатысқан 57 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингіге қатысқан 57 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұрынды. Олардың кейбіреуі басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасай бастады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
"Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады. Қазіргі уақытта құқық бұзушылық үшін 57 адам ұсталды, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді ведомство өкілі.
Алматы полицейлері
Нұр-Сұлтан құқық қорғау қызметкерлері
Еске салсақ, Бас прокуратура қазақстандықтарға митингілерге қатысты үндеу жасаған болатын.
Хабарламада құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қылмыстық кодексте жауаптылық қарастырылғанытуралы айтылған.