17 желтоқсан 2019 | 14:02

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы заңсыз митингілер: Полицияға 55 адам жеткізілді

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ішкі істер министрлігінің өкілдері 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ұйымдастырылған рұқсат етілмеген митингілер жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігінің өкілдері 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ұйымдастырылған рұқсат етілмеген митингілер жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, кейбір азаматтар арандатуға ұшырап, заңсыз акцияларға қатысты. Нұр-Сұлтан қаласында ондаған адам Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында жиналып, рұқсат етілмеген митинг өткізді. Алматы қаласында осыған ұқсас рұқсат етілмеген митинг Қазақстан Тәуелсіздігі монументінің жанында өтті. Жергілікті атқарушы органдардың митингілер өткізу үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы ескертулеріне қарамастан, жиналғандар Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы көшелеріндегі шеруді жалғастырды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Осылайша, ІІМ өкілдерінің хабары бойынша, митингіге шыққандар мереке күні азаматтардың тыныштығы мен демалысын бұзған.

"Қатысушылар билік органдарының заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарын орындамағандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласына 23 адам полицияға жеткізілді. Олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр", - делінген хабарламада.

Ал мұның алдында Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға үндеу жариялап, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети