Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
112 мәліметінше, 26 қаңтарда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болады.
26 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман мен бұрқасын болады. Күндіз көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көкшетауда 26 қаңтарда түнде және күндіз тұман мен бұрқасын, күндіз көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады. 26-27 қаңтарда кей жерлерде бұрқасын мен тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 26-27 қаңтарда бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
26-27 қаңтарда Қарағанды облысында кей жерлерде тұман болады.
26 қаңтарда Қызылорда облысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қостанай облысында бұрқасын, тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр болады.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні секундына 15-20 метр болады. 26 қаңтарда Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 18 метрге жетеді.
26 қаңтарда Түркістан облысында тұман мен бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метр.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман болады. Ақтөбеде түнде және күндіз де тұман болады деп болжанды.
Одан бөлек, 26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады. Оралда да күндіз және түнде тұман болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!