Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 28 сәуірде күндіз, 29 сәуірде тәуілк бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр жетеді.
Осы күні Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні 23-28 метр.
29 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауыл ықтималдығы - 85-90 пайыз.
28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр.
Петропавлда сол күні оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.