27 сәуір 2019 18:53

Нұр-Сұлтан мен екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mkset.ru © mkset.ru

Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 28 сәуірде күндіз, 29 сәуірде тәуілк бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр жетеді.

Осы күні Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні 23-28 метр.

29 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауыл ықтималдығы - 85-90 пайыз.

28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр.

Петропавлда сол күні оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети