23 желтоқсан 2021 | 18:04

Нұр-Сұлтан неге "сары" аймаққа өтті?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Санитария дәрігерлері Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуы бойынша неге "сары" аймаққа өткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Санитария дәрігерлері Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуы бойынша неге "сары" аймаққа өткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілі Нұр-Сұлтандағы бір апта ішіндегі мәліметті салыстырсақ, өсім байқалатынын мәлімдеді.

"Бір апта ішінде COVID-19-дың 564 жағдайы тіркелді (кейінгі апта - 542 жағдай). Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қарқынды көрсеткіші 47,5 және 45,6 болады, яғни ауру көрсеткіші алдыңғы аптадан 4 пайызға жоғары болды, бұл Rt санының 1-ден жоғары өсуіне және "жасыл" аймақтан "сарыға" аймаққа өтуіне әсер етті", - делінген хабарламада.

Аурудың көбеюінің негізгі себебі - мереке күндері кейбір тұрғындардың карантин шектеулерін сақтамауы.

"Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кейінгі мереке күндері халықтың басым көпшілігі карантин шараларын сақтағанда, елорда "сары" аймаққа өтпейтінін мәлімдеді. Алайда бәрі бірдей жауапкершілік таныта алмайды, осылайша елорданың 7 ай бойы (10 наурыздан 26 қазанға дейін) тұрған "қызыл" аймаққа өту қаупін арттырды", - деді санитария дәрігері.

Департамент қызметкерлері аурудың таралу қаупін және әдеттегідей мереке күндерінен кейін жаңа деректің артуын ескере отырып, сыйымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын, келушілер мен ондағы қызметкерлерде тек "жасыл" мәртебе болатын Ashyq жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, отбасылық, корпоративтік іс-шараларға тыйым салынатынын айтты.

"Сондай-ақ, балалар қатысатын жалпы мектептік және ұжымдық ертеңгіліктерді ұйымдастыруға, өткізуге тыйым салынады. Алдағы мереке күндері мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі. Сауда және басқа да нысандар иелері карантин шектеулерін бұзбай, барлық санитарлық норманы сақтауы тиіс", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілдері.

Департамент алдағы жаңажылдық мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және COVID-19-бен ауырғандар саны артуына әсер етпеуі керек екенін айтты.

"Бәрі біздің жүріс-тұрысымыз бен карантин шараларын сақтаудағы жауапкершілігімізге байланысты. Сондықтан қала тұрғындарын жаңа жылды туыстарымен бірге кішігірім ортада ғана қауіпсіз жағдайда тойлауға шақырамыз", - деп түйіндеді санитария дәрігері.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа оралғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети