Нұр-Сұлтан орталығындағы "ҚазМұнайГаз" кешені аукционға қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан орталығындағы "ҚазМұнайГаз" кешені аукционға қойылды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда "ҚазМұнайГаз" АҚ штаб-пәтері электрон сауда алаңында 11,7 миллиард теңгеге аукционға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда "ҚазМұнайГаз" АҚ штаб-пәтері электрон сауда алаңында 11,7 миллиард теңгеге аукционға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның мүліктік кешені (В, С, Е блоктарынан тұратын әкімшілік ғимарат), Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Бағалау құны: 11 726 860 000 теңге. Бағалау күні: 2021 жылғы 30 қыркүйек", - делінген сатылу нысанының сипаттамасында.

Фото: Электрон сауда алаңы

Нысанның жалпы ауданы - 24 жер учаскесі 21 316 шаршы метр. Бұл 0,543 гектар жерде орналасқан. Бағалаушы – Crowe Tax and Advisory KZ ЖШС.

20 қабатты кешен кеңсе және қосалқы бөлмелерден тұрады. Ғимаратта асхана мен мейрамхана бар. Бұл бағаға жер телімдері, күзет бекеттері, тротуарлар мен автотұрақтар кіреді.

Сауда-саттық 31 тамызда басталады. Аукцион бағаны көтеру форматында өтеді.

Еске салайық, 16 наурызда Петропавл әуеайлағы сатылымға шығарылған еді. Әуежайдың бастапқы құны - 5,6 миллиард теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети