Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғалары күрт көбейді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғалары күрт көбейді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары мәліметінше, кейінгі тәулікте елордада 75 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам зардап шеккен.

"Тек бүгін таңғы сағат 8-ден бастап 51 жол-көлік оқиғасы тіркелді, қала тұрғындарының бірі зардап шекті. 21 қарашада сағат 21.20-да Мұхамедханов көшесімен келе жатқан Skoda Rapid көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz-ке жол бермеген. Соның салдарынан Mercedes-Benz көлігі соқтығысып, аударылып қалды", - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шекпегені айтылды. Skoda Rapid жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер жүргізушілерден көлік жүргізу кезінде барынша мұқият және сақ болуды, жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды сұрайды, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді өте мұқият болуға шақырады.

Бұған дейін синоптиктер 23, 24 және 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың айтуынша, еліміздің кейбір аймақтарында 23 градусқа дейін аяз болып, қалың қар жауады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети