Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Айтмағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шектеулер мен рейдтер айтарлықтай нәтиже бермей отыр деген сынына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Айтмағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шектеулер мен рейдтер айтарлықтай нәтиже бермей отыр деген сынына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шектеулер мен рейдтер айтарлықтай нәтиже беріп отырған жоқ. Мониторинг топтарының жұмысы кейде таңдамалы сипатқа ие, ашық емес - кейбір мекемелер үнемі тексерілсе, басқалары мүлдем тексерілмейді, - деп мәлімдеген еді Мемлекет басшысы 1 сәуірдегі кеңесте.
"Таңдамалы сипат деген жоқ. Бізге 102 арналарынан, әлеуметтік желілер, тұрғындардың чаттары мен қала тұрғындарының өзінен белгілі бір мекеменің карантин режимін бұзғаны туралы хабарламалар келіп түседі. Біз әрекет етіп, тексеруіміз керек", - деп жауап берді Айтмағамбетов Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, Президенттің сынына елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова жауап берді. Оның айтуынша, мұның бәрі шектеулерге халықтың өзі қалай қарайтынына байланысты.
"Біз ұсынатын қандай да бір режимді сақтау - эпидемиологиялық жағдайдың белгілі бір жақсаруына әкелетінін көріп отырмыз. Бірақ бұл әрқашан уақытты қажет етеді.
Біз қазір екі апталық инкубация кезеңін қадағалап отырмыз. Екі апта ішінде белгілі бір карантиндік тәртіпбұзушылықтар болса, әрине, шектеулерден үлкен нәтиже көрмейміз. Бірақ шектеу шаралары ұзақ уақыт бойы сақталса, халық арасында вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар азаяды, есесіне дәл осы байланыста болған адамдар арасында инфекция жұқтырудың жаңа жағдайларының азаюын көріп отырмыз", - деп түсіндірді Бейсенова.
Еске салайық, 1 сәуірде Президент коронавирус пандемиясымен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Ол "жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес" деді. Оның айтуынша, азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!