Бір күндік "Қаңғыбас" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізу барысында Нұр-сұлтан қаласының "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен полицияға тұрғылықты мекен-жайы жоқ 76 адам жеткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық жеткізілген тұлғалар деректер базасы бойынша, олардың жеке басын және құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін тексерілді. Сондай-ақ, олармен құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Айта кетейік, белгілі тұрағы жоқ, қайыршылықпен және қаңғыбастықпен айналысатын тұлғаларды анықтау, сондай-ақ аталған санаттағы адамдардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында Байқоңыр ауданының аумағында "Қаңғыбас" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Сонымен қатар, қабылдау-тарату орнына 9 адам орналастырылды. Ұсталғандардың ішіндегі 7 адам Нұр-сұлтан медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына жеткізілді. 9 адам "Нұр-сұлтан қала әкімдігінің белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді. Орталықтардың мамандары мұндай азаматтарға әлеуметтік, медициналық және заң көмегін көрсетеді.