Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа көшті: қандай шектеулер болады?

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа көшті: қандай шектеулер болады? Фото: Тұрар Қазанғапов

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты "сары" аймаққа қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты "сары" аймаққа қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында "омикрон" және "стелс-омикрон" штамдарының жалғасуына байланысты қаладағы эпидемиология жағдайы күрделене түсті. Бір тәулік ішінде жаңа жағдайлар саны 642-ге жетті. Осылайша, эпидемиология жағдайын бағалаудың жаңа матрицасы бойынша стационарға жатқызылғандардың көрсеткіші негізінде 21 шілдеде қала "сары" аймаққа өтті.

"Нұр-Сұлтанның тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларын тіркеуді ұлғайтуды және эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес орташа тәуекел аймағына ("сары" аймаққа) көшуді ескере отырып, Нұр-Сұлтан бас санитария дәрігері мынадай шектеу шараларын қабылдайды:

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру;
  • COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
  • адамдар көп жиналатын орындарға (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, стадиондар және басқа да спорт ғимараттары және т.б.) барған кезде және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда бетперде кию ұсынылады;
  • 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиналыстарды онлайн форматқа ауыстыру ұсынылды", - деді Байтанаев. 

Осыған байланысты, астаналық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды аса қажетсіз жағдайда адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, барлық шектеу ұсыныстарын орындауға шақырады.

"Вакцинация және ревакцинация инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала бермек. Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана аурудың өсуіне қарсы тұра аламыз!Уақыттан кешіктірмей, коронавирусқа қарсы вакцинация алыңыз! Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети