Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа көшті: қандай шектеулер сақталады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа көшті: қандай шектеулер сақталады? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "сары" аймақтағы шектеулер туралы айтты. Оның айтуынша, елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты, төмендеу тенденциясы сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "сары" аймақтағы шектеулер туралы айтты. Оның айтуынша, елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты, төмендеу тенденциясы сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенова кейінгі аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші өткен аптамен салыстырғанда 2,9 есеге, яғни 250,9-дан 84,6-ға төмендегенін айтты.

"Тәулігіне 127 COVID-19 жағдайы тіркелді. 100 000 адамға шаққандағы көрсеткіш 84,6, репродуктивті сан - 0,476. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, қала 16 ақпаннан бастап "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа көшті. Елорданың "сары" аймақта орналасқанын ескере отырып, "көк" және "жасыл" мәртебесі барларға кіруге рұқсат етілген нысандар нұсқау бойынша 70 пайызға дейін келуші қабылдай отырып, жұмыс істеуге құқылы: театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд залдары, компьютерлік клубтар, боулинг, цирк, қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар, кафелер және т.б.", - деді Бейсенова.

Қаланың қай аймақта орналасқанына қарамастан, іс-шараларға шектеусіз рұқсат етіледі: Ashyq жобасының қатысушылары, келушілер мен барлық қызметкерлердің "жасыл" мәртебесін ескере отырып: сауда орталықтары, сауда үйлері және сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни нысандар. Бұл еске алу, салтанатты іс-шаралар, конференциялар, форумдар өткізуге де қатысты.

Елорданың бас санитария дәрігері еліміздің бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысымен белгіленген кейбір карантин шектеулерді сақтау қажеттілігін жоққа шығармайтынын баса айтты.

"Қалада әлі де вирус жұқтырғандар күн сайын тіркеліп жатыр. Жыл басынан бері елордада 84 мыңнан астам ауру тіркелді. Сондықтан тұрғындардан өздеріне және жақындарына жауапты болуды сұраймыз", - деп қосты Сархат Бейсенова.

Еске салайық, 16 ақпанда Нұр-Сұлтан Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында "сары" аймаққа көшті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети