Астаналықтар жүргізуші куәлігін алатын кезде тапсыратын тәжірибелік емтихан қиындықтарына шағымданды. Кейбіреулер бірнеше апта бойы емтихан машинасына жете алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астаналықтар жүргізуші куәлігін алатын кезде тапсыратын тәжірибелік емтихан қиындықтарына шағымданды. Кейбіреулер бірнеше апта бойы емтихан машинасына жете алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz тілшісі қараша айының басында тәжірибелік емтихан мәселесіне тап болды. Күн сайын бірінші емтихан тапсырушыдан кейін көліктің істен шыққаны белгілі болды. 20-40 көшесінде орналасқан жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға болатын жалғыз мамандандырылған ХҚКО-ғына аптасына бес күн қатар барғаннан кейін, алтыншы күні орталықтың жұмыс істеп тұрғанын алдын ала анықтау үшін "Азаматтарға арналған үкіметтің" call-орталығына қоңырау шалуды шешкен.
Сall-орталық операторларының пікірінше, бұл орталыққа хабарласқаннан еш пайда жоқ, себебі мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлері көліктің бұзылғанын операторларға хабарламайтын көрінеді.
Сәрсенбі, 17 қарашадан бастап байланыс орталығының операторлары ХҚКО мамандары жаңа жабдықты орнатып жатқанын және тәжірибелік емтиханның тоқтатылғанын хабарлады.
Айта кетейік, мамандандырылған ХҚКО-да астаналықтар хабарласып, ақпарат біле алатын жеке байланыс телефоны жоқ.
Белгілі болғандай, көптеген азаматтар тәжірибелік емтихан мәселесіне осыған дейін де тап болғаны анықталды. Олар 2GIS навигаторының шолуларында өздерінің наразылығын жазып кеткен.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде бұл мәселеге біраз адам шағымданған.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі қазір елордалық автоорталықта тәжірибелік емтихан қабылдау тоқтатылғанын хабарлады.
"Елордалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автодромының жаңа жабдыққа көшірілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тәжірибелік емтихан қабылдау тоқтатылды.
Тәжірибелік емтиханды тапсыру кезінде қозғалыс траекториясын немесе құқық бұзушылықты белгілейтін датчиктердің бұзылуына байланысты көлік құралдары мерзімді істен шықты. Кейбір үміткерлер көлік жүргізу кезінде жол ережесін сақтамай, бордюрлерді басып өтіп кетеді, бұл көліктің бұзылуына немесе осы датчиктердің істен шығуына әкеледі", - деп түсіндірді мемлекеттік корпорация.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордалық автоорталық ең алғаш ашылған автоорталықтардың бірі. Сондықтан емтихан тапсыратын көліктерде орнатылған датчиктердің үлгілері ескірген және қазіргі уақытта өндірістен шыққан.
Айта кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барып, "Құпия сатып алушы" емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алатынына куә болғаны туралы видео жариялағаны хабарланған еді.
Видеода министр ешкім танымауы үшін көзілдірік киіп, экспериментке қатысушы құпия сатып алушымен бірге таңғы сағат 10 шамасында арнайы ХҚКО-ға кіріп, жүргізуші куәлігін алуға келіскен. Олар бірігіп қажетті адамды тауып, оған құжаттарын, қолхат беріп, практикалық және теориялық емтихандарды тапсырмай-ақ дайын жүргізуші куәлігін алды.
Министрдің видеосы жарияланғаннан кейін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қызметінен босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!