Нұр-Сұлтан тұрғындары вакцинаны қашаннан бастап сала алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғындары вакцинаны қашаннан бастап сала алады? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тұрғындарды ерікті вакциналау сәуірдің екінші жартысынан басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тұрғындарды ерікті вакциналау сәуірдің екінші жартысынан басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәуірдің екінші жартысынан бастап халықты вакциналау басталады. Вакцина тегін болады, ол емханаларда ұйымдастырылады. Қоғамдық орындарда вакцина егу топтарын құруымыз мүмкін. Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Ауа райы тұрақты болған кезде көшелерде және ірі сауда орталықтарында егу орындарын жасақтау қарастырылады", - деді Мұратов.

Оның айтуынша, елордада 647 мың адамды егу жоспарланған.

"Бұл қала халқының 60 пайызы. Вакцина кезең-кезеңімен жеткізіледі, айына 100 мыңға жуық адамды вакциналаймыз", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Алматыда коронавирысқа қарсы вакцинацияны сауда орталықтары мен базарларында жүргізу жоспарланғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети