Нұр-Сұлтан тұрғындарына астана атауының өзгеруіне байланысты жылжымайтын мүліктің құжаттарын өзгерту қажет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан тұрғындарына астана атауының өзгеруіне байланысты жылжымайтын мүліктің құжаттарын өзгерту қажет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
"Астана атауының өзгеруі азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін келесі құжаттарды - сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау шарты, пайдалануға қабылдау актілері және басқа да құжаттарды, сондай - ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды - туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу туралы куәлік және тағы басқаға ауыстыру міндеті жүктелмейді", - делінген хабарламада.
Осылайша, құжаттарда астананың бұрынғы атауының көрсетілуі олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.
Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Cұлтан қаласына автомат түрде өзгертіледі.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдары, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды бұрынғы тәртіппен қабылдайды.