Нұр-Сұлтанда 170-тен аса көше жөнделді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 170-тен аса көше жөнделді Фото: astana.gov.kz

2020 жылы елордада 173 көше жөнделіп, асфальт төселді. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылы елордада 173 көше жөнделіп, асфальт төселді. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Асфальт төселуі және жөнделуі тиіс жолдар бірнеше санат бойынша таңдалды: бұрын асфальт болмаған жолдар; жаңа автобус бағдарлары іске қосылатын көшелер; көлік көп жүретін жолдар мен әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды таңдадық. Бұған қоса кестеге, қалалықтар кездесу кезінде асфальттау керек деген көшелерді қостық.

Жалпы алғанда, 173 көшеге асфальт төседік, олардың 100 астамы - тұрғын үй алаптарында орналасқан. Бұл жұмыстарды биыл да жалғастырамыз. Тұрғын алаптары мен қаланың ескі бөлігіне басымдық беріледі", - деді астана әкімі Алтай Көлгінов.

Жол жұмыстарын жүргізуге "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы біршама көмектескен. Ол бойынша 15 мыңнан аса жұмыс орны ашылғаны хабарланды.

"Бірінші кезекте қалалықтарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырдық. Сондай-ақ, бұрын жарығы жоқ көшелерге жарық қосылды. Бұған қоса, ескі шамдар заманауи энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға алмастырылды", - деді әкім.

Суреттер: Александр Куприенко

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети