Нұр-Сұлтанда 18 тұрғын үй салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 18 тұрғын үй салынады Фото: elements.envato.com

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2021 жылы Нұр-Сұлтандағы 18 проблемалық тұрғын үй құрылысын аяқтауға уәде берді. Оның айтуынша, биыл жеті мыңнан аса үлескер өз пәтеріне қоныстана алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2021 жылы Нұр-Сұлтандағы 18 проблемалық тұрғын үй құрылысын аяқтауға уәде берді. Оның айтуынша, биыл жеті мыңнан аса үлескер өз пәтеріне қоныстана алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлгінов есеп беру кездесуінде үлестік құрылыс проблемалық мәселелердің бірі екенін және бұл ел Президентінің бақылауында екенін атап өтті.

"15,5 мың үлескер жылдар бойы өз баспасын күтіп жүр. Мемлекет бақылауға алды. Атқарылған жұмыстардың арқасында 2019 жылы біз 10 нысанды іске қостық, 3,5 мың үлескер, 2,5 мың отбасы пәтер алды. 2020 жылы 20 тұрғын үй кешені ашылды. Биыл жұмысты екпінді жүргізгіміз келеді. Қосымша қаражат бөлінді, 18 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Бұл 50-ден аса үй және жеті мыңнан астма үлескер", - деді Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, құрылысты жобалық-сметалық құжаттаманың болмауы, үлескерлер арасындағы даулар, сот даулары, сондай-ақ қаржыландырудың болмауы сияқты проблемалар тежеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети