17 маусым 2020 | 14:51

Нұр-Сұлтанда 20-дан аса вирусолог COVID-19 жұқтырған

Фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда 20-дан аса вирусолог коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 20-дан аса вирусолог коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зертханада жұмыс істейтін 20-дан аса вирусолог коронавирус жұқтырған. Олар күні-түні тәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адам, робот емес", - деді Қисықова.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, басқарма басшысы елордада коронавирусты анықтауға арналған тест пен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Коронавирус: маман кімдерге тест тапсырудың керегі жоғын айтты

"Соңғы 3 күнде орта есеппен 150-ден аса адам коронавирус инфекциясы жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Олардың 50 пайызы - індеттің белгілері жоқ түрімен ауратындар. Өткен тәулік ішінде жедел жәрдем қызметін шақыру саны 3500-ден 3700-ге жетті. 2 000-нан астам қоңырау соғылды. Тек қана соңғы тәулік ішінде коронавирус инфекциясы бойынша қоңырау соғушылардың саны 427-ге жетті. Яғни қоңырау саны 8-ге өсті", - деді басшы.

Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады - Қисықова

Айта кетейік, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 15 552-ге жетті. 2 647 адам аурудан жазылса, 88 науқас көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная