Нұр-Сұлтанда 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады Сурет: Тұрар Қазанғапов

Алдағы жексенбіде елорданың автобустары мен автопарктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы жексенбіде елорданың автобустары мен автопарктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жексенбі, 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дүйсенбі күннен бастап, 31 тамызда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді", - деп хабарлады CTS өкілдері.

Еске салайық, елордадағы жолаушылар автобустары бүгіннен бастап рейстерге жаңа кесте бойынша шыға бастады. Қаладағы қоғамдық көлік енді 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Жолаушылар санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауы қажет. Салонға маскасыз кіруге тыйым салынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети