Нұр-Сұлтанда көңіл көтеру орындарында карантин режимін сақтау бойынша тексерулер жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда көңіл көтеру орындарында карантин режимін сақтау бойынша тексерулер жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметі өкілінің мәліметінше, рейд кезінде мобильді топ түнгі сағат 23.40-та ВНВ (БХБ) түнгі клубына барған. Полицейлер келген уақытта мекемеде 500-ге жуық адам болған.
"Клиенттер мен қызметкерлер назардан тыс қаламыз деп үміттеніп, есікті ішінен жауып алған. Клубта көңіл көтеріп жүрген жарты мың жастың біреуі бетперде мен әлеуметтік қашықтықты есіне алмаған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тағы бір тәртіпбұзушылық сағат 22.10-да Қорғалжын тас жолында орналасқан ZIMA түнгі клубында анықталды. Бұл мекемеде 80 адам болған.
ZOLOTO және Korean hausе мейрамханаларын тексеру барысында және ICON клубында карантинді бұзу деректері анықталды.
"Бұл элиталық мекемелердің барлығы шектеу және карантин шараларын, сондай-ақ жұмыс пен демалыс күндері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесі бар санитарлық-профилактикалық шараларды бұзғаны анық. Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар санитар дәрігерлерге шешім қабылдау үшін жіберілді", - деп толықтырды департамент өкілі.
Бір тәулік ішінде мобильді топ 313 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, 46 карантин режимін бұзу дерегін анықтады.
"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындар мен мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған талаптарды сақтау керегін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!