2021 жылы Нұр-Сұлтанда 15 мектеп салынып, 40 мыңға жуық оқушының білім алуына мүмкіндік берді. Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында елордада 20 мыңнан астам оқушыға арналған 7 мектеп ашылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов білім ошақтарының құрылысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2021 жылы Нұр-Сұлтанда 15 мектеп салынып, 40 мыңға жуық оқушының білім алуына мүмкіндік берді. Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында елордада 20 мыңнан астам оқушыға арналған 7 мектеп ашылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов білім ошақтарының құрылысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халық санының жыл сайынғы өсімін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі білім ошақтарының құрылысын жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Жыл сайын бірінші сыныпқа баратындар саны түлектердің санынан 3 еседен астамға артып келеді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің суреті
"Елорда халқының саны ішкі көші-қон есебінен де, бала туу көрсеткіші есебінен де жыл сайын артып келеді. Соңғы 10 жылда оқушылар саны үш есе өсті. Жыл сайын 1-сыныпқа баратындар саны артып келеді. 2030 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласында 400 мың оқушы болады деген болжам бар. Бұл көрсеткіш мектептердің белсенді құрылысын талап етеді.
Биыл біз 15 мектеп салдық, бұл 40 мың оқушының білім алуына мүмкіндік берді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Бұл үш ауысымда оқитын және оқу режимі шамадан тыс көп болатын мектептердің санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім ошақтарының құрылысына ерекше көңіл бөлініп жатыр. 2022 жылы елордада тағы 16 мектеп салынады. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық мерзімге 70-ке жуық мектеп салу жоспары бар. Бұл процесс жеке инвестицияларды да тартады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің суреті
Құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы да ескеріледі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің суреті
Қаланың барлық аудандарында, оның ішінде елді мекендерде білім ошақтары көп салыну үстінде. Білім беру мекемелерінің құрылысымен қатар қолданыстағы оқу орындарына да тиісті көңіл бөлінді - 26 білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!