05 шілде 2020 12:39

Нұр-Сұлтанда 8 жыл бойы салынған тұрғын үй құрылысы аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: astana.gov.kz Сурет: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда Елорда күні қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған нысан пайдалануға берілді. Сегіз жыл бойы салынған "Столичный-2" тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, 200-ден астам үлескердің мәселесі шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда Елорда күні қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған нысан пайдалануға берілді. Сегіз жыл бойы салынған "Столичный-2" тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, 200-ден астам үлескердің мәселесі шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, биыл көппәтерлі 20 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі, демек 8 мың үлескер көптен күткен пәтерлерін алады.

"Столичный-2" тұрғын үй үлескерлері 8 жылдан астам уақыт өз пәтерін күтті. Әр ұзақ салынып жатқан құрылыспен біз жеке жұмыс жасап жатырмыз. Нысандарды аралап көреміз, құрылыс қалай жүріп жатқанын тексеріп, қандай шешім қабылдау қажет екенін ескеріп отырамыз. Сіздермен де кездесіп, ұсыныстарыңызды тыңдадық. Өткен жылы сіздерде сенімсіздік болғаны есімде. Ал қазір сіздер ерекше қуанып тұрсыздар. Енді өз пәтеріңізге кіре аласыздар. Үлескерлердің мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында. Пандемияға қарамастан, құрылысшылар қатаң санитария нормаларын сақтай отырып, құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Биыл тағы 8 мың үлескердің мәселесін шешеміз, көппәтерлі 20 тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға береміз.

Тағы бір мәселе - "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешені. Ол 2004 жылдан бері тұр. Техникалық тексеріс ғимарат апатты жағдайда екенін анықтады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Орнына жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. 500-ден астам адам үлескер атанды. Сонымен қатар, ұзақ уақыт салынып жатқан "Шығыс", "Жағалау" тұрғын үйлері де бар. Әр нысан бойынша нақты жоспар бар", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Столичный-2" тұрғын үй кешенінің үлескері Жанар Дүйсенова уақыт өте, тіпті, үйден үмітін үзгенін айтады.

"Көп жыл бойы өз пәтерімізді күтіп, тіпті үмітіміз үзілді. 8 жыл бойы бұл мәселемен бармаған жеріміз қалмады. Міне, 2020 жыл - біз үшін ерекше жыл болды. Біз өз пәтерімізді алдық. Қатты қуанып жүрміз. Баршаңызды келе жатқан Елорда күнімен құттықтаймын! Өмірде қуанышты сәттер көп болсын", - дейді үлескер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети