Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтанда салынып жатқан "Абу-Даби Плаза" нысанының жұмысшыларының талаптары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтанда салынып жатқан "Абу-Даби Плаза" нысанының жұмысшыларының талаптары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Абу-Даби плазаға" қатысты жағдайға келер болсақ, онда таңғы уақытта әкімнің орынбасары, Еңбек инспекциясы және Әлеуметтік қорғау және бақылау комитеті төрғасының орынбасары болған. Бастапқыда мынадай талап қойылған: бірінші - түскі ас мәселесі. Түскі асқа жұмыс беруші 500 теңге төлейді. Ал шетелдік жұмысшылар арнайы асханада тамақтанады. Қазақстандықтар 500 теңгенің аз екенін және оны көтеру керектігін талап еткен", - деді Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.
Ал басқа талаптарында жұмысшылар жұмыс уақыты мен жалақы мөлшерін көтеру мәселесін айтқан.
"Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылды. Олар шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысын анықтайтын болады. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс жағдайы бірдей болса, жалақылары да сондай болуы керек. Егер де мұнда заң бұзушылықтар болса, біз құқық қорғау органдарымен бірлесіп шара қолданамыз. Негізі "Абу-Даби плаза" мәселесі бойынша ақырғы нүктесін қою керек", - деді министр.
Айта кетейік, 3 шілдеде сағат 10.00 шамасында салынып жатқан "Абу-Даби плаза" нысанында қосалқы мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары жиналып, еңбек шартына наразылық білдірген. Олар еңбек ақыларының көбейтуін талап еткен.