Нұр-Сұлтанда "ақылды үй" қирай бастады

viewings icon 833 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 24.kz © 24.kz

Нұр-Сұлтанда "ақылды үйдің" (Smart house тұрғын үй кешені) тұрғындары құрылыс сапасына наразы. Бұл туралы  "Хабар 24" телеарнасының эфирінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда "ақылды үйдің" (Smart house тұрғын үй кешені) тұрғындары құрылыс сапасына наразы. Бұл туралы  "Хабар 24" телеарнасының эфирінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйдің температуралық жапсарында проблемалар бар, қыстың күні көптеген пәтердің қабырғасы суық, көгерген, кей жерде вентиляция жұмыс істемейді, шатырдан су ағып тұр. 

"Менің екі балам бар. Кішкентайым жасқа, үлкенім төртке толмаған кезі еді. Суық болғаны сонша, екеуі де пневмониямен ауырып қалды. Балаларым далаға да шықпады, түсінесіз бе. Бірақ үй суық болды, бар жағынан жел соқты", - деді бизнес-класс үйдің тұрғыны.

Одан бөлек үйге кіріп-шығатын жол жоқ. Үйді салған компания көрші үйдің құрылысы аяқталған соң Түркістан көшесіне шығатын жолды жөндеп беремін деп уәде еткен. Құрылыс біткен, бірақ жол ашылмаған. Үйді жан-жағында бетон блоктар тұр.

Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов құрылыс компаниясы "жұмыстың бәрін қолына алған рұқсат құжаттарының аясында орындағанын" айтты.

"Smart house - ақылды үй" тұрғын үй-құрылыс кооперативінің бұрынғы басшысы Қанат Абзалиев шағымға жауап берді.

"10 рет сот болған шығар және бәрі дұрыс, жақсы салыпсыңдар деді. Адамдар бизнесмендерден неғұрлым көп ақша алу үшін шу шығарады", - деді құрылыс компаниясының өкілі.

"Үй дұрыс салынған ба" деген сұраққа Абзалиев тұрғын үй кешенінде "туысының жартысы" тұратынын айтқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
23°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю