02 тамыз 2022 | 14:45

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік осал топтағы талапкерлерге оқу ақысы төленеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Александр Куприенко Фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал санатындағы талапкерлерге оқу ақысы төленеді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал санатындағы талапкерлерге оқу ақысы төленеді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білім алу және түлектердің одан әрі жұмысқа орналасуы үшін жағдай жасаудың маңызы өте зор. Мәселен, жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1300-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отырмыз, одан бөлек әлеуметтік көмек бойынша жеке бағдарлама қарастырылған", - деп жазды әкім Instagram-да.

Ол әлеуметтік көмек жағдайы төмен отбасылардан шыққан талапкерлердің қала университеттерінде білім алуы үшін оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты.

"Бұл бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау 21 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек жетім балалар, балалар үйінің түлектері, бала күнінен мүгедек, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар және т.б. арасында бөлінеді.

Білім алу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі: биотехнология, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, геодезия және картография (web-картография), сәулет (BIM-менеджер жобалаушы), мектепке дейінгі оқыту, жерге орналастыру-агроинженерия, инженер, жалпы медицина, педагогика, IT маманы, әлеуметтік жұмыс, жылу энергетикасы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, электр энергетикасы және т.б." - деді Көлгінов.

Елода әкімінің айтуынша, қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек алу үшін қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (Бейбітшілік көшесі, 9) хабарласу керек немесе құжаттарды электрон түрде веб-порталдағы "электрондық өтініш" бөлімі арқылы тапсыру қажет.

"Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесі үшін 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен (190 088 теңге) аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде ақшалай төлем түрінде тағайындалады. Толық ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан оқуға болады", - деп жазды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети