Нұр-Сұлтанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"101" кезекші пультіне өрт туралы хабар 7 сәуірде 13:50-де түскен.
"Жер төледегі қабатта "Б" блогында 0,5 шаршы метр аумақта электр қалқанында кабель өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызметкерлер 200-ге жуық адамды қауіпсіз жерге шығарған. Өрт 14.04-де ауыздықталып, 14.08-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖК хабарламасында.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 8 адамы мен екі арнайы техника жұмылдырылған.