Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда 8 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 8 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 наурызда елордада желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

Сонымен қатар, метеорологиялық қызмет тұрғындарды және басқа да аймақтарды ауа райының қолайсыз болатынын ескертті.

8 наурызда Ақмола облысында боран соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында 8 наурызда түнде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр болады. Кей жерлерде тұман түседі.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 23-28 метрге жетеді. Шымкентте 7-8 наурызда секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Сондай-ақ жауын-шашынның түсуі мен үлкен биіктіктегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети