1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкері БАӘ-ге ителгі құс жіберумен айналысқан

Нұр-Сұлтан әуежайының кешенді ауысым басшысы БАӘ-ге ителгі құстарын жіберумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы" АҚ кешенді ауысым басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар 32 сұңқарды, оның ішінде 25 ителгі, бір ителгі-лашынды беріп жіберген", - делінген соттың хабарламасында. 

Сот мәліметінше, ер адам құстар салынған сөмкені кеден бекетінен өткізе алған.

"Есіл ауданының № 2 сотының шешімімен ол 1 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, оның қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленеді", - делінген құжатта.

Сот үкімі заңды күшіне енді.