ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 тамыз 2019 10:01
Нұр-Сұлтанда автобуста жолаушымен төбелескен ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтанда автобус жолаушысына шабуыл жасап, автобус салонында бұрыш спрейін шашқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Полицейлер жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде жергілікті 33 жастағы тұрғынды анықтады. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, оқиға 15 тамызда №9 автобуста сағат 10:00 шамасында болған. Жәбірленушінің айтуынша, қақтығыстан кейін белгісіз ер адам оған баллоннан сұйықтық шашып жіберген. Содан кейін ер адам жәбірленушіні аяғымен бетінен теуіп жіберіп, оқиға орнынан қашып кеткен.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу