Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкенов атындағы мемориал ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкенов атындағы мемориал ашылады © Нұр-Сұлтан әкімдігі

Елордада танымал музыкант, композитор және әнші Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық кеңістік ашылады. Президент саябағындағы бақылау алаңында шығармашылық кештер, воркауттар мен көрмелерге арналған кеңістік түріндегі мемориал пайда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Еске салайық, жазда Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатуға арналған идеялар байқауы жарияланған болатын. Көптеген нұсқа қарастырылды. Кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық урбанистика орталығының Батырхан Шүкенов қорымен бірлескен жұмысының нәтижесінде саябақ аймағында шығармашылық кеңістік түрінде мемориал жасау туралы шешім қабылданды. Жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.

"Авторлардың ойынша, бұл - Ольга Веселова, Ладо Ломиташвили, Әсел Есжанова, павильонды жоғарыдан қарайтын болсақ, барлығының сүйікті орындаушысының атын көруге болады. Тақырыптық алаңда серуендеп, шығармашылыққа бір табан жақындауға болады", - деп түсіндірді Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Аталған алаңда павильондар салу жоспарланып отыр, онда ғылыми-танымал дәрістер өткізіледі, паблик-арт бойынша жазғы мектеп, концерттер, театр қойылымдары, көркем перформанстар мен қойылымдар жұмыс істейді.

Батырхан Шүкенов атындағы мемориалды 2022 жылы ашу жоспарланып отыр. Халықтың сүйікті әншісі 2022 жылдың 18 мамырында 60 жасқа толар еді.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша соңғы жылдары 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети