Ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр, Беларусь Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин, сондай-ақ, екі елдің іскерлік және дипломатиялық орталарының өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Этникалық бейнесі мен кең функционалды мүмкіндіктері бар Беларусь елшілігінің жаңа заманауи кешені қаланың қарқынды дамып жатқан ауданында, Қошқарбаев көшесі 9-да орналасқан, оған жақын маңдарда басқа елдердің елшіліктері, конвенционалдық, білім беру, мәдени-ойын-сауық мекемелері, қызмет көрсету және тамақтану кәсіпорындары орналасқан.
Ашылу рәсімі көпқырлы қазақстандық-беларусьтік диалогтың даму тарихында маңызды тармақ болып саналады, ал Қазақстандағы Беларусь жерінің бөлшегі біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өркендеуінің өсуіне бағытталған екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымастастықты арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатын жер болмақ.
Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігінің Ғимараттар кешенінің жобасын "Тұрғын үй институты - С.С. Атаев атындағы ҒЗЖТҚИ" ММ әзірлеген.
Елшіліктің ғимараттар кешені әкімшілік ғимараттан тұрады, онда қабылдау залы, конференц-зал, келіссөздер бөлмесі, қызметкерлердің кабинеттері, кітапхана, сондай-ақ тұрғын үй бар, тұрғын үйде 10 пәтер, 2 қонақ үй бөлмесі, жерасты паркингі және Беларусь Республикасы Елшісінің резиденциясы қарастырылған.
Беларусь Елшілігі "дипломаттық орамда" орналасқан, бұл жерде АҚШ, Корея Республикасының елшіліктері, Ресей Елшісінің резиденциясы бар, сондай-ақ бірқатар дипломатиялық өкілдіктердің (ҚХР, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан ) ғимараттарының құрылысы жүргізілуде.