11 желтоқсан 2020 17:22

Нұр-Сұлтанда блокбекеттер қойылып, сауда және ойын-сауық орталықтары жабылуы мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Шағалтаева қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Шағалтаева қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, аумақ "қызыл" аймақта болған кезде блокбекеттерді орнату бойынша белгілі бір талаптар бар.

Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа оралды

"Кешеден  бастап біз "қызыл" аймаққа кіргенімізді ескере отырып, блокбекеттерді орнату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Біз жағдайды байқаймыз. Егер өсім болса, санитарлық бекеттер қою мәселесі көтеріледі. Әзірге оны қарастырмаймыз.

Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлеріне қатысты шектеулер бар, олардың демалыс, мереке күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бірақ бүгінде арнаы қаулы шығарылған жоқ. Сауда орталықтарын жабу немесе оларға тыйым салу туралы айтуға әлі ерте. Бұл әлі қарастырылып жатыр. Біз дүрбелең тудырмауымыз керек. Сіздер білесіздер, бізде тек өткен демалыс күндері ғана ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және жабық базарлар жұмыс істей бастады", - деді Шағалтаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети